Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта жүк таситын көліктердің аккумуляторларын ұрлаған ер адам анықталды

Балқашта жүк таситын көліктердің аккумуляторларын ұрлаған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 ақпан күні Қарағанды облысының ПД Балқаш қаласының полиция бөліміне 48 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Жәбірленуші жеке кәсіпкер екенін, жүк тасымалдаумен айналысатынын айтты. Қазіргі уақытта белгісіз біреудің екі жүк тасымалдаушы көліктің аккумуляторларын ұрлап кетуіне байланысты жұмысының тоқтап тұрғанын түсіндірді. Шығын 450 мың теңгені құрады.

ҚР ҚК 188 бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

3 сәуір күні жедел-іздестіру іс-шарасы барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 40 жастағы күдікті ер азаматты анықтады және ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру