Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Барлығы заң аясында болады

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов Время газетіне сұхбат берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін ІІМ полицейлердің заңсыз әрекеттері, соның ішінде азаптаулар туралы хабарлау үшін телефон нөмірлерін жариялады. Қанша қоңырау мен хабарлама келіп түсті, азаматтарды қандай сұрақтар қызықтырады?

– Осы жылдың қаңтар айында сенім телефондарына 1479 қоңырау келіп түсті, оның ішінде қаңтар оқиғаларының алғашқы күндерінде: 7-17 қаңтар аралығында – 769 өтініш. Осы 769 өтініштің 132-сі полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымдар болды: заңсыз ұстау және жеткізу (61 өтініш), ұялы телефондардың мазмұнын тексеру (35), полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігі (21), әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тарту (15).

Атап айтқанда, Қызылордадан, Павлодардан, Семейден, Алматыдан, Тараздан туыстарын заңсыз ұстауға, Қостанай мен Ақтөбеден гаджеттерді заңсыз тартып алғуға байланысты шағымданды. Барлық жүгінгендерге тиісті түсініктемелер берілді.

Бұл біреуге қызықты болып көрінуі мүмкін: бізге келіп түсетін қоңыраулардың жалпы санының шамамен 30 пайызы ішкі істер органдарының құзыретіне жатпайды, бірақ соған қарамастан, біздің қызметкерлер әртүрлі мәселелерді, соның ішінде несие алу сияқты сұрақтарды шешуге көмектеседі, тыңдайды және түсіндіреді.

– Шынымен қызық. Бірақ қаңтар оқиғаларына қайта оралайық. Қанша қылмыстық іс тергелуде және қандай қылмыстық баптар бойынша?

– Жалпы айтқанда, 8 ақпандағы жағдай бойынша жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты 2 548 қылмыстық іс тіркелді. Террористік шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы қылмыстық істердің бір бөлігін арнайы прокурорлар тергейді.

Сонымен қатар, Ішкі істер органдарына жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен азаматтар тарапынан өтініштер санының өсуі жалғасуда.

Қызметтің ерекше режимі және алдын алу іс-шаралары кезеңінде ағымдағы жылғы 2-18 қаңтар аралығында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін 6 680 әкімшілік құқық бұзушылық, алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін 5 527 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 3 118 – ұсақ бұзақылық үшін, 1 090 – шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін, 74 – атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру, тасымалдау және басқа да бұзушылықтар үшін іс қозғалды.

Қылмыс жасады деген күдікпен 887 адам тергеу изоляторларына қамалды, сот аса ауыр және ауыр қылмыстар жасағаны үшін 789 қылмыстық іс бойынша айыпталушыға қатысты қамауға алуға санкция берді.

Бұл ретте олардың 205-і бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның ішінде іздеуде жүрген 8 адам да бар. Олардың кінәсі алынған заттық дәлелдемелермен, бейнебақылау камераларының жазбаларымен, куәлардың айғақтарымен және басқалармен дәлелденетінін атап өтемін.

Барлық күдікті адамдар дене жарақаттарының бар-жоғы медициналық куәландырылғаннан кейін ғана, оларды алу мән-жайлары бір мезгілде анықтала отырып, УҰИ-ға қамалады. Ұстаудың заңдылығы прокурорлармен мұқият тексерілді.

– Кейбір құқық қорғаушылар мен адвокаттар, ұсталғандардың туыстары оқшаулау жағдайында адам құқықтарының бұзылғанын мәлімдейді…

– ІІМ-нің тиісті бөлімшелері келіп түскен барлық хабарламалардың нақты мониторингін қамтамасыз етеді және түпкілікті шешімге дейін олардың қаралуын бақылайды. Қызметкерлерге келіп түскен әрбір шағым мұқият тексеріледі. Әсіресе, билікті асыра пайдалану бойынша, бүгінгі таңда осы фактілерге қатысты 55 сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, олардың 24-ін жеке қауіпсіздік бөлімшелерінің қызметкерлері тексерді.

Тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша барлық жағдайлар анықталады: жарақаттар қайда, қашан және қандай жағдайларда алынды. Адамдар оларды ұстау нәтижесінде ғана алмауы мүмкін. Мүмкін, олар мұндай залалды қарсылық көрсету және полицияға шабуыл жасау кезінде алған шығар.

Ұсталғандардың дене жарақатын полиция бөлімшелерінің ғимараттарында алған жағдайларына ерекше назар аударамыз.

Заң нормаларына сәйкес біз жинаған материалдар прокуратура арқылы іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберіледі. Біз қылмыстық істерді тергеуге қатыспаймыз және полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне құқықтық баға бермейміз. Алайда, біз толық көмек көрсетеміз және ынтымақтасамыз, өйткені біз өзіміз болған оқиғаның нақты себептерін анықтауға мүдделіміз.

Сонымен қатар, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында біз жұртшылықпен және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз өзара іс-қимылды жолға қойдық. Мысалы, «Қаңтар» құқықтық қолдау орталығымен және «Ел намысы» арнайы мониторингтік тобының мүшелерімен полиция қызметкерлерінің тыйым салынған әдістерді қолдануы туралы барлық сигналдарды, оның ішінде ұрып-соғу және азаптау туралы хабарламаларды мұқият және бейтарап зерттеуге уағдаластық.

Ұлттық алдын алу тетігі мен қоғамдық бақылау комиссияларының өкілдері де барлық арнайы мекемелерге кедергісіз қол жеткізе алады.

Кінәсін растамаған жағдайда біз полицияны қорғауға нық тұратынымызды ерекше атап өтемін. Барлық тергеулер аяқталғаннан кейін нәтижелер көпшілікке жарияланады.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ басшысына қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жауап алу жүргізілетін кабинеттерде соқыр жерлерді жоюды тапсырды. Бұл тапсырма қалай орындалады?

– Орындаумен арнайы департамент және осы қызметке жетекшілік ететін министрдің орынбасары айналысады, ол ІІО-да цифрлық трансформация стратегиясын, ақпараттық қауіпсіздікті және бизнес-процестердің реинжинирингін іске асыруға жауап береді. Ішкі істер министрінің нұсқауы бойынша бейне бақылаумен жабдықталмаған кабинеттерде профилактикалық әңгімелесулер, сұрау салу және жауап алу жағдайлары болмауы тиіс. Бүгінде барлық тергеу кабинеттері мен адамдарды қамауда ұстау орындарында камералар орнатылып, полиция ғимараттарында процессуалдық әрекеттерді жүргізу үшін кезең-кезеңімен «ашық кабинеттер» енгізілуде. Сонымен қатар, «соқыр аймақтарды» ескере отырып, қызметкерлер жергілікті халықпен жұмыс істейтін полиция бөлңмшелерінде қосымша 18 148 бейнебақылау камералары орнатылды.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, отандастарыма айтатыным:
Қазір ақпараттық кеңістікте біз өткен оқиғалардың бұрмаланғанын байқаймыз. Митингілердің бейбіт сипаты және құқық қорғау күштерінің заңсыз әрекеті туралы айтылады.

Мұның бәрі билік қабылдаған шешімдердің беделін түсіру үшін, ең бастысы – тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушылары мен қатысушыларын жауапкершіліктен әдейі алып тастау үшін жасалады.

Қазақстандықтар бұл қоғамдық сананы айла-шарғы жасау жөніндегі мақсатты ақпараттық науқан екенін түсінуге тиіс. Осыған байланысты, азаматтардан тек ресми, тексерілген ақпарат көздеріне сенуді сұраймын.

Сандар ғана

Соңғы үш жылда ІІО құрылымын өзгерту, мемлекеттік қызмет көрсетуді оңайлату және қызмет атқаруға қойылатын талаптарды қатаңдату жөніндегі жоспарлы жұмыстың нәтижесінде ІІМ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жартысына жуығын төмендетуге қол жеткізді және осы жұмысты жалғастыратын боламыз.

Атап айтқанда, егер 2018 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 396 болса, 2021 жылы – 196 тіркелді.

Сондай-ақ, мемлекет ІІО жеке құрамының әлеуметтік кепілдіктерін жақсарту бойынша шаралар қабылдауда, олар өз кезегінде қызметкерлердің қызметтік міндеттерін адал орындауға оң әсерін береді.

Бұған полицейлердің өздері пара алу әрекеттері туралы хабарлаған жағдайлар санының өсуі дәлел. 2019 жылы осындай 44 хабарлама, 2020 жылы – 111, 2021 жылы – 108 тіркелді.

– ІІМ азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдайды. Полицейлердің заңсыз әрекеттеріне қатысты барлық хабарламалар мұқият тексеріледі Бұзушылықтар туралы шағымдар мен арыздарды берудің, оларды тиісінше, толық және жан-жақты, ең бастысы тез қараудың айқын әрі қолжетімді механизмі жасалды, – деп атап өтті Ішкі істер министрі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру