Басқа біреудің жол талғамайтын көлігін айдап әкеткен адамды Алматы полициясы ШҚО-да ұстады
Басқа біреудің жол талғамайтын көлігін айдап әкеткен адамды Алматы полициясы ШҚО-да ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алмалы ауданының тұрғыны полицияға көліктің жоғалып кеткендігі туралы арызбен жүгінген. Арызданушының айтуынша, оның Toyota Surf маркалы көлігі Брусиловский көшесінде орналасқан үйдің тұрағынан жоғалып кеткен.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік табылды және 1989 жылы туған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны А.есімді ер адамнан тәркіленді. Ол Өскеменге бөтеннің көлігімен кетіп қалған, сол жерде ұрланған көлікті сатуды жоспарлаған. Жедел уәкілдер тағы екі сыбайласын Алматыда ұстады. Бұл 37 жастағы Ф. және Н.есімді ер адамдар. Тергеу барысында өте қызықты факт пайда болды – күдіктілердің бірі осы тұрғын үй кешенінде күзетші болып жұмыс істеді және өзіне ұнаған көліктің тұрақ орнында бірнеше жыл бойы қозғалыссыз тұрғанын білді. Ол достарын ұрлау арқылы қосымша ақша табуға шақырды. Айғақты заттар Алматыға әкелінді, күдікті де осында жеткізілді. Айдап әкету фактісі бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасы тергеу жүргізіп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық ПБ-ның бастығы Қуатбек Науатов.