Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер автобуста телефон ұрлаған қалта ұрысын анықтады 

Қарағандылық полицейлер автобуста телефон ұрлаған қалта ұрысын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 маусымда Қарағанды қаласы ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері “Қалта” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Аялдамалардың бірінде олар автобустан шыққан жігіттің айналасына сақтықпен қарап, шалбарының қалтасына бірдеңе жасырғанын байқап қалды. Полиция қызметкерлері бұл әрекетке күдіктеніп, жігітті тексеру кезінде жолаушылардың бірінен ұялы телефонды ұрлап кеткендігі анықталды.

Айғақты заттар алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция ұрланған ұялы телефонның иесін анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру