Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Басқару құқығынан айырылған ақмолалық жүргізуші мас күйінде көлікті қайта басқарды

Басқару құқығынан айырылған ақмолалық жүргізуші мас күйінде көлікті қайта басқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 6 шілдесінде «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Зеренді ауданының Қонысбай ауылында полиция қызметкерлері Красный Яр ауылының 50 жастағы тұрғынының басқаруындағы ВАЗ-2121 автокөлігін тоқтатты. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес ол мас күйінде болған.

Тексеру кезінде бұл жүргізуші 2016 жылдың ақпан айында алты жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Полицейлер ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Жүргізушіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру