Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері синтетикалық есірткіні сақтады деген күдікпен шымкенттік қызды анықтады

Түркістан облысының полицейлері синтетикалық есірткіні сақтады деген күдікпен шымкенттік қызды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысының алдын алу мен болдырмау жұмыстарын тұрақты жүргізіп, бұл мәселені күн тәртібінен түсірген емес. Осы бағыттағы жұмыс күнінің бірінде полицейлер Сайрам ауданында өзімен бірге есірткі алып жүрген азаматшаны ұстады.

Нақтырақ айтар болсақ, ТО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына белгісіз біреуден есірткіге байланысты хабарлама келіп түседі. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары бірден әрекет етеді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлермен Сайрам ауданы ауылдарының бірінде жол бойында күдікті жас қыз анықталды. Тексеру кезінде әйелдің қол сөмкесінен пакетке оралған ішінде есірткіге ұқсас заты бар алты дана орама табылды. Болған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Полицейлер тәркіленген айғақты затты сараптамаға жолдады. Оның қорытындысы бойынша есірткіге ұқсас заттың жалпы салмағы 3 грамнан асатын “синтетикалық есірткі” заты болып шықты. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысы оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткіні заңсыз сақтап, таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер сіз осындай қылмыстардың куәгері болсаңыз немесе есірткі құралдарының заңсыз айналымы туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру