Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Басқару құқығынан бұрын айырылған 78 жүргізуші жауапқа тартылды

СҚО полицейлері бір күн ішінде көлік басқару құқығынан айырылған 16 жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері сотпен рөлге отыруға тыйым салынған 16 жүргізушіні анықтады. Бұл 5 қараша бастау алған «Лишённик» облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінің нәтижесі. Тәртіп сақшылары облыс орталығы көшелерінде және қала сыртындағы жолдарда тексерісті күшейтті. Әдеттегідей, тәртіп бұзушылар шұғыл жеке шаруаларымен шыққандарын айтып ақталады. Қызылжар ауданының                   24 жастағы тұрғыны да өз әрекетін дәл осылай түсіндірді. Ол «ВАЗ» автокөлігін басқарып келе жатып, Челябі-Новосібір тас жолында  тоқтатылған. Тексеріс барысында оған бұрын сот шешімімен көлік басқаруға тыйым салынғаны анықталды. ҚР Әкімшілк құқық бұзушылық кодексінің 612-бабы 3-б. (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) бойынша әкімшілік материал жиналды. Сот қаулысымен жүргізуші он тәулікке қамауға алынды.

Заң барлығына да ортақ, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах. – Өз көлігін тізгіндегісі келсе, жол жүру қағидаларын қатаң сақтау қажет, спирттік ішімдік ішкен соң көлік рөліне отырмаған жөн. Айта кететіні, бұл автомобилистердің  жүргізуші куәлігінен айырылатын негізігі себеп. Ішіп, рөлге отыру – саналы түрде заң бұзу болып табылады. Заңды осылай елемегені үшін 50 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл немесе қамауға алу қарастырылған.

СҚО полицейлері жыл басынан басқару құқығынан бұрын айырылған 78 жүргізушіні жауапкершілікке тарты. Басқару құқығынан айырылғандардың рөлге қайта масаң күйде отыруы екі есе қауіпті дейді полицейлер. 10 айдың ішінде осындай 64 жүргізуші ұсталды.  Олардың әр сегізіншісі адамдар зардап шеккен немесе мүліктерге зақым келтірілген ЖКО кінәлі болып жатады. Бұл заңды елемеудің айқын айғағы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру