Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полиция автопаркі жаңа көліктермен толықты

Солтүстік Қазақстан облысы полиция бөліністерінің автопаркі қызметтік көлікпен толықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекші бөлімдер мен уақытша қамауда ұстау изоляторының жұмысына арналған 11 жаңа автокөліктің кілті аумақтық бөліністердің қызметкерлеріне табыс етілді. Қызметтік көліктердің басым бөлігі аудандық полиция бөлімдеріне жіберіледі.

– Бүгінгі іс-шара Мемлекет басшысының қатысуымен өткен ҚР ІІМ кеңейтілген алқа отырысының шешімін іске асырудың бірден-бір жолына айналды. Күшейтілген автопарк шақыртуларға уақтылы шығуға, дер кезінде, әсіресе қазіргі уақыттакоронавирус инфекциясының алдын алу бойынша карантиндік шараларды күшейту кезеңінде халыққа көмек көрсетуге мүмкіндік береді, – деді СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев.

Төрт “ГАЗ 2705” автокөлігіне айдауылдау қызметі взводы, Петропавл қ. ПБ мен Тайынша ауданының ПБ уақытша қамауда ұстау изоляторларының қызметкерлері алды.

Бұл жабдықталған автокөліктер қылмыс жасауда күдікті және айыпты адамдарды тасымалдауға арналған. Бес ауданның полиция бөлімдері кезекші бөлімдердің жұмысына арналған автомашинамен жаңартылды. Жаңа “УАЗ 3909” көлігі ең алыс елді мекендер: Айыртау, Уәлиханов, Мамлют пен Шал ақын, Ғ. Мүсірепов аудандарына уақтылы жетуді қамтамасыз етеді.

– Биыл облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қолдауымен автопарк Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде сатып алынған 40-тан астам қызметтік автокөлікпен толықты, – деп атап өтті полиция ведомствосының басшысы.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру