Басқару құқығынсыз көлік жүргізген мас жүргізуші ұсталды
Ақтөбеде басқару құқығынсыз көлік жүргізген мас жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
27 тамызда патрульдік полиция қызметкерлері Қарғалы ауылының Мира көшесін патрульдеу кезінде 26 жастағы жүргізушінің басқаруындағы "ВАЗ-21150" автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырыла отыра, автокөлікті "жеңіл" мас күйінде басқарған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Жүргізуші Ақтөбе қаласы Полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.