Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолдағы малдар: Павлодар облысында 11 мың қараусыз жүрген малдар «қамалды»

Павлодар облысында 11 мың қараусыз жүрген малдар «қамалды», – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы кезде азаматтар үй малдарын бағуға жауапкершілікпен қарамайтын жағдайлар көбейе түсті. Мал иелерінің меншікке немқұрайлы қараулары басқаларға проблема тудырады, кей жағдайда қайғылы салдарға әкеп соғады, жолда қараусыз жүрген малдар соңында жол көлік оқиғаларына себепкер болып жатады. Осындай бір ЖКО салдарынан балалар ата-аналарынан айырылды.

Кешкі уақытта «ВАЗ-21014» автомашинасының 32 жастағы жүргізушісі Ленин кенті – Ертіс автожолында жылқыларды қағып кеткен. Малдар автожолдың өтетін бөлігінде жайылып жүрген. Осы үрейлі апаттың салдарынан жүргізуші алынған жарақаттан оқиға орнында қаза болды. Оның 1990 жылы туған жұбайы ауруханада қайтыс болды. 2014, 2015, 2017 жылы туған кәмелетке толмаған балалары жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Мал иелерінің осындай жауапкершіліксіздіктерінен, яғни бақташыны ақшаға жалдамау себептерінен осындай қайғылы жағдайға әкеп соғып, үш бірдей балаларды жетім қалдырды.

Бұдан басқа, жайылымдарда қараусыз жүрген малдар қылмыскерлерге жеңіл олжа болып келеді. Жануарларды ұрлау үшін қаскүнемге көп уақыттың керегі жоқ. Мал иелерінің полицияға уақытылы шағымданбауы қылмыскерлерді іздестіруге қиындық тудырады. Көбінесе мал иелері 7-10 күн ішінде өздері ұрланған малды табу үмітімен іздеу салады, содан кейін ғана полицияға жүгінеді. Бұл уақыт аралығында қаскүнемдер малдарды басқа облысқа, кейде көршілес мемлекеттерге де айдап әкетуге үлгереді, ұрланған малдарды сойып, сатып жібереді. Осындай жағдайлармен олар алтын уақыттарын жоғалтады. Сондықтан мал ұрлығының алдын алу, жол-көлік оқиғаларын ескерту мақсатында облыс аумағында полицейлермен автожолдар мен жазғы жайылымдарда рейд жүргізіліп отырады. Қараусыз жайылып жүрген малдарды тәртіп сақшылары малдарды қамауға алу айыппұл орындарына қамайды. Жылдың басынан Павлодар полицейлерімен 11 мыңнан астам бас қараусыз жайылып жүрген малдар айыппұл орындарына қамалды. Айтарлықтай, бұл – аз емес.Бүгінгі таңда облыс аумағында 142 айыппұл тұрақтары (арнайы қоршаулар) бар. Соңғы апта ішінде қараусыз ерікті жайылымдарда жүрген 90 бас мал айыппұл орындарына қамалды.

Павлодар қаласында жылдың басынан 230 бас ауыл шаруашылығы жануарлары қамалды, оның иелері 54 жастағы Валерий Петрищев, 45 жастағы Дейкин Виктор, 29 жастағы Әсел Аскарова, 32 жастағы Вячеслав Щипеленко  болып табылады. Кінәлі адамдар ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Екібастұз қаласында жылдың басынан 300 бас ауыл шаруашылық жануарлары қамалды, олардың иелері ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Ақсу қаласында жылдың басынан 730 бас ауыл шаруашылық жануарлары қамалды. Павлодар – Қызылорда автожолында Пограничник ауылының маңында полицейлер 50 бас үйір жылқыны байқады, олардың барлығы айыппұл орындарына қамалды. Қараусыз жайылып жүрген малдың иесі Пограничник ауылының тұрғыны 59 жастағы Караман Николай екені анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылып, мал иесіне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Аққулы ауданында жылдың басынан 1138 бас ауыл шаруашылық жануарлары қамалды. Рейдік іс-шараларды өткізу барысында тәртіп сақшыларымен Аққулы ауданы аумағында Омбы-Майқапшағай автожолы маңында қараусыз жайылып жүрген 40 бас ІҚМ анықталды. Малдар айыппұл орындарына қамалды. Кейінен мал иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Тереңкөл ауданында жылдың басынан 767 бас ауыл шаруашылық жануарлары қамалды. Песчаное ауылы мен Омбы-Майқапшағай автожолы арасында 96 бас жылқы қараусыз жайылып жүрген. Иесі 53 жастағы Томилев Виктор екені анықталды.Ол ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Ертіс ауданында жыл басынан 308 бас ауыл шаруашылық жануарлары қамалды. Солтүстік ауыл округі Қарағаш ауылының қасында 16 бас ірі қара мал қараусыз жайылып жүрген. Полицейлер мал иелерін анықтады. Барлық мал иелеріне қатысты қатысты ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, бірінші рет болғандықтан барлық мал иелері ескертілді.

Павлодар ауданында жылдың басынан 897 бас ауыл шаруашылық жануарлары қамалды. Сағат 04.00-де Омбы-Қапшағай автожолында «Volswagen Passat» маркалы автомашинасының 73 жастағы жүргізушісі Новоямышев ауылына қарай жүріп келе жатып, жол бөлігінде жүрген жылқымен қақтығысты. Тәжірибелі жүргізуші болғандықтан, тез арада әрекет етіп, тежеуішті басса да, қақтығысып қалды. Жәбірленуші жоқ, алайда автомашинада механикалық ақаулықтар бар. Автомашинаның бамперы, кақпағы, фаралары сынған. Тәртіп сақшылары жылқы Қаратоғай ауылының тұрғынына тиесілі екенін анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Шарбақты ауданында жылдың басынан 934 бас ауыл шаруашылық жануарлары қамалды. Қосқұдық және Алексеевка ауылдарының қасында 20 бас ІҚМ және 39 бас жылқы қараусыз жайылып жүргені анықталды. Полицейлер иелерін анықтады. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік материал қозғалып, 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Железин ауданында жылдың басынан қараусыз жайылып жүрген 828 бас мал қамалды. Ауданды патрульдеу кезінде полицейлермен Церковное ауылының жол бойында қараусыз жайылып жүрген 42 бас жылқыны тапты, оның иесі 63 жастағы Остринский Сергей екені анықталды, Железин ауылында 50 бас жылқы, иесі 21 жастағы Середа Денис, Алакөл ауылында үш бас жылқы, иесі 53 жастағыҚайырбай Кинжебаев. Осы барлық мал иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Баянауыл ауданында жылдың басынан 975 бас ауыл шаруашылық жануарлары қамалды. Баянауылдың қасында патрульдеу кезінде қарусыз жайылып жүрген мал ұсталды, олардың иелері Е.Аргынбай мен Ж.В.Айгожин. Барлық мал иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Успен ауданында жылдың басынан 2172 бас ауыл шаруашылық жануарлары қамалды. 56 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ауылды патрульдеу кезінде қараусыз жүрген малдар ұсталды. Барлық мал иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Ақтоғай ауданында жылдың басынан 442 бас ауыл шаруашылық жануарлары қамалды. ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша ауыл шаруашылық малдарын жаю ережелерін бұзғаны үшін 29 ауыл түрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Санкцияға сәйкес барлық құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша ескертілді, бір құқық бұзушыға 4167 теңге сомасында айыппұл салынды. Өкінішке орай, мұндай мысалдарды көп келтіруге болады.

Май ауданында Аққулы ауданы ҚШ иесі Асаинов Женисбек Май ауданының полиция бөліміне 10 бас жылқысы ұрланғаны туралы арызданды. Нәтижесінде жедел қызметкерлермен жылқылар көрші жайылымда жайылып жүргені анықталды, ұрлау фактісі болған жоқ. Осылайша, шаруа қожалығының иесі жылқыларын тиісінше ұстамау салдарынан мемлекеттік бюджеттен полицияның айтарлықтай қаражаты мен күші жұмсалды. Содан кейін сот шешімі бойынша ауыл тұрғыны сотқа дейінгі өндіріс тәртібінде 350 мың теңге шығынды өтеді.

Құрметті мал иелері малды жайылымға айдау кезінде әсіресе автомобиль жолдарына жақын жерде қараусыз қалдырмауларыңызды өтінеміз! Жол оқиғаларының кінәсі болмаңыздар, сіздердің немқұрайлықтарыңыздан адамдар қаза болады, балалар ата-аналарсыз қалады. Малдарды ұстау және жаюдың қарапайым ережелерін орындай отыра, сіз өз мүлкіңізді ғана емес, өзге адамдардың өмірін құтқарасыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру