Басшы құрам аттестация тапсырды
Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес Атырау облысы Полиция департаментінің басшы құрамы аттестация тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аттестация қызметкерлер үшін әрбір үш жыл сайын өткізіледі және оның басты мақсаты қызметкердің кәсіби деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындау болып табылады.
Аттестация барысында қызметкерлердің теориялық білімі, жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы, жұмыс көрсеткіштері, жетекшілік ететін бөліністегі жеке құрамның тәртібі ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданды.