Сотталған азамат алғаш рет құжаттандырылды
Павлодарлық азамат алғаш рет құжаттандырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Тереңкөл ауданының ПБ көші-қон қызметіне есепте тұрған сотталған азаматты құжаттандыруға көмек көрсету туралы пробация қызметінің қызметкерлері жүгінген. Пробация қызметінде есепте тұрған 37 жастағы сотталған азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, оның ресми түрде жұмысқа орналаса алмайтыны анықталған. Аталған азаматтың ешқашан туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі болмаған. Нәтижесінде көші-қон және пробация қызметінің қызметкерлері ер адамға туу туралы куәлікті қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының азаматтығын анықтау түрінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетті. Ал 2 желтоқсанда 37 жастағы ер адам алғаш рет жеке куәлік алды, – деді Тереңкөл аудандық полиция бөлімінің бастығы Арман Кәрімов.
Сондай-ақ ол жұмысқа орналасу үшін Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жіберілді.
Өз кезегінде ер адам барлық қызметкерлерге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.