Батыс Қазақстан облысында мекемелердің жас қызметкерлері арасында психологиялық тренинг өткізілді
Батыс Қазақстан облысында мекемелердің жас қызметкерлері арасында психологиялық тренинг өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО бойынша ҚАЖ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен БҚО бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерінің жас қызметкерлерімен психологиялық іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жас қызметкерлер бір-бірімен танысып, ұжымда ынтымақтаса жұмыс істеуге үйрету.
БҚО бойынша ҚАЖД инспектор-психологының айтуынша, осындай психологиялық іс-шаралар ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға оң әсерін тигізіп қана қоймай, сонымен қатар қызметкерлердің бір-біріне деген сенімдерін арттыра түседі және психологиялық барьерді төмендетеді.
Іс-шара барысында жас қызметкерлерге ҚАЖ туралы бейнеролик көрсетіліп, ситуациялық сұрақтар қойылып, оларға жауап алынды. Іс-шара соңында «Танысу», «Телефон», «Орын ауыстыру» және т.б. психологиялық тренингтер өткізілді.