Батыс Қазақстанда жол апатынан 2 адам ажал құшты
Батыс Қазақстанда жол апатынан 2 адам ажал құшты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 тамыз күні сағат түнгі 00:00 кезінде Орал – Атырау тасжолының 28-шақырымында Щапов ауылының маңында 31 жастағы азамат ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, 44 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Volkswagen Passat жеңіл көлігіне қарсы соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 44 жастағы Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі және сол көліктің 30 жастағы әйел жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Сондай-ақ Volkswagen Passat автокөлігінің 37 жастағы және кәмелетке толмаған екі жастағы, төрт жастағы, 12 жастағы жолаушылары ауруханаға жеткізілді.
Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.