Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық тұрғынның атына немересі 2 млн теңге онлайн несие рәсімдеген

Ақмолалық тұрғынның атына немересі 2 млн теңге онлайн несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 тамыз күні Атбасар аудандық полиция бөліміне әйел адамнан оған 2 млн теңгеден астам сомаға онлайн несие ресімделгені туралы өтініш келіп түскен.

Жәбірленушіге өтелмеген қарызы жайлы хабарлама келген, содан кейін ол бірден банкке барған. Мамандар ақпаратты растап, несие сомасы 2 млн 118 мың теңгені құрайтынын айтқан. Азамат барлық жағдайларды анықтау үшін полицияға арыз қалдырған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында онлайн-несие жәбірленушінің телефонынан ресімделгені анықталды. Бала кезінен тәрбиеленген немересі жәбірленушінің телефонынан несие алған.

Сол күні дәл осындай факт аталған ауданда тіркелген. 38 жастағы ер адам өгей шешесінің атынан 36 мың теңге несие ресімдеген. 65 жастағы өгей шешесі мерзімі өткен қарыз туралы микронесиелік ұйымнан білген.

Екі фактіге қатысты Атбасар аудандық полиция бөлімінің құқық қорғау органдары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Полицейлер зардап шеккендердің туыстарының қатысуын тексеріп жатыр. Айта кетейік, бүгінде Ақмола облысының аумағында алаяқтықтың алдын алуға бағытталған “Hi-Tech” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру