Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Баянауылдық полицейлер мас жүргізушіні ұстады

Баянауылдық полицейлер мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Баянауыл курорттық аймағында 26 жастағы ер адам достарымен бірге көңіл көтеріп, ішімдік ішкен болатын. Кейін ол кешті жалғастырмақ болып, көлігіне отырып, сыра дүкеніне бет бұрады.

– Тұрақты патрульдеуде болған полиция қызметкерлері Volkswagen автокөлігін байқады, оның жүргізушісі маневр жасау ережелерін бұзып, белдік тақпаған, ал полицейлердің тоқтату талаптарын мүлдем елемеген, – деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.

Сондай-ақ, жүргізуші полициядан жасырынуға тырысқан, бірақ тәртіп сақшылары оны қуып жетті.

 

Жас жігіт медициналық куәландыруға жеткізілді, оның нәтижелері алкогольдік масаңдықты растады.

Жолда жасаған барлық бұзушылықтары үшін тәртіп сақшылары ер адамға қатысты ҚР ӘҚБК 595-бабының 1-бөлігі, ҚР ӘҚБК 593-бабы 2-бөлігі, ҚР ӘҚБК 613-бабы және ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша бірнеше әкімшілік хаттама толтырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру