Бейнекамералар СҚО-да дәмханада жасалған ұрлықты ашуға септігін тигізді
Бейнекамералар СҚО-да дәмханада жасалған ұрлықты ашуға септігін тигізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тайынша ауданының полиция бөліміне кәсіпкер ашылғалы тұрған дәмханада жасалған ұрлық туралы арызымен жүгінген. Иесі 30 мамырға қараған түні үй-жайда белгісіз біреулердің болғанын анықтаған. Сыртқы есіктегі құлыпты бұзып, олар ішке еніп және сумен жабдықтау сорғысын, кассалық аппаратты, құрал-саймандар мен басқа да мүліктерді жымқырып кеткен. Келтірілген шығын шамамен 100 мың теңгеден астам.
Жедел уәкілдерге оларды анықтауына жақын жердегі дүкендегі бейнекамералардың жазбалары септігін тигізді. Олар өткен түні дәмхана жаққа қарай бет алған екі жігітті байқаған. Түнде объектінің маңында болуы поицейлерге олардың қатысы барын тексеруіне әкелді. Ұрланған мүлік алынды. Күдіктілер, 18 жастағы ауыл тұрғындары орман арқылы келіп, қосалқы есіктен кіріп ұрлық жасағандарын және іздерін жасырғандарын айтты. Былайша айтқанда, қаскөйлердің айлакерлік тәсілдері полицейлерге белгілі болды: криминалистер қылмыс жасалған орынды мұқият зерттеп, іздерді жасыру іздерін, күдіктілерді әшкерелеуге көмектескен дәлелдерді тапты.
– Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-б. (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді, – Тайынша ауданының ПБ бастығы Нұрлыжан Ақтанов. — Аспалы құлыптар өзектілігін жоғалтқанына кәсіпкерлердің назарын аудартамыз, сенімді құралдарды пайдалануға кеңес береміз. Бейнебақылау камералары мен сигнализация ұрлықтарды алдын алу мен ашудың тексерілген құралдары болып табылады. Кәсіпкерлермен кездесуде объектілерді техникалық нығайту бойынша шаралар қабылдауға кеңес береміз. Бұл мүліктерді ұрлаудан қорғауға, жалпы қоғамдық тәртіпті сақтауға қосатын қомақты үлес болып табылады.