Ақтөбеде тергеу изоляторының жеке құрамымен маскүнемдік пен нашақорлық жөнінде профилактикалық шара өтті
Ақтөбеде тергеу изоляторының жеке құрамымен маскүнемдік пен нашақорлық жөнінде профилактикалық шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Салауатты өмір салты – адам мәдениетінің бір бөлігі. Ал, спирттік ішімдіктер мен есірткілік заттарға салыну – адам денсаулығына зиянын тигізбей қоймайтын жат әдеттер.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шамишевтің тікелей тапсырмасымен, департаментке бағынысты барлық мекемелер және пробация қызметкерлерімен маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алу, болдырмау аясында тиісті профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі.
Бұл жолғы кезекті профилактикалық әңгімелесу – КА-168/1 мекемесінде өтті.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нарко-психикалық диспансерінің меңгерушісі Амандық Шонтыков және салауатты өмір салты жөніндегі дәрігер Гүлнәр Сидашева мен Амангүл Айткулованың қатысуымен өткен кездесуде мекеменің жеке құрамына маскүнемдік пен нашақорлықтың зардабы туралы кеңінен түсіндірілді.
Аталған мамандар мекеменің жеке құрамына маскүнемдік пен нашақорлықтың зардабы жөнінде өз тәжірибелерінен түрлі деректер келтіре отырып, зиянды заттардың зардаптары және салдары туралы әңгімелеп берді.
– Тұңғыш президентіміз Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың әл- ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал- ахуалының жақсаруы» атты халыққа жолдаған жолдауында: «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет» деп қадап айтқан болатын. Сондықтан, аталған кездесудің жеке құрамға сұхбаты және сұхбаттасу барысында мамандармен айтылған ғылыми дәйеккөздер және тәжірибелік мысалдар өзіндік ықпалын тигізеді деп ойлаймыз, – дейді КА-168/1 мекемесінің кадр саясаты бөлімшесінің аға инспекторы А.Сугурова.