Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Бейнетаспаға түсіріңіз»: Атырауда ер адам көпірден секіріп өлемін деп журналистке хабарласқан

Атырауда ер адам көпірден секіріп өлемін деп журналистке хабарласқан, – деп хабарлайды Polisia.kz

30 қыркүйек күні сағат 12:30 шамасында 31 жастағы қала тұрғыны жергілікті журналистке қоңырау шалып, «көпірден секіріп, өз-өзіме қол саламын, келіп бейнетаспаға түсіріңіз» деп айтқан.

– Бір адам маған қоңырау шалып, өзін-өзі өлтіру үшін көпірге қарай бара жатқанын және сол сәтті видеоға түсіргенімді қалайтынын айтты, – деді ол.

Видео POLISIA.KZ Tеlegram-каналында

Қоңырау тұтқасын қойған журналист бірден полицияға хабар берген. Атырау қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлері аталған азаматты көпір үстінен байқап, бірден жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Полиция келгенге дейін бұл азамат көпірден өтіп бара жатқан автобустың астына түсуге тырысқан. Алайда автобус жүргізуші дер кезінде тоқтады. Қала тұрғыны сонда да автобустың астына кірмекші болды.

Тәртіп сақшылары ер адамды автобустың астынан шығарып, патрульдік көлікке отырғызды. Ол Атырау қаласының Полиция басқармасына жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру