Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік ұрлаған ақмолалық елордада ұсталды

Көлік ұрлаған ақмолалық елордада ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

28 қыркүйекте Атбасар ауданының полиция бөліміне Есіл қаласының 41 жастағы тұрғыны 28 қыркүйекке қараған түні Атбасар қаласында белгісіз адам құрылыс учаскесінен ВАЗ-21703 автокөлігін ұрлап әкеткені туралы өтінішпен жүгінді.

Жәбірленуші Атбасар қаласына жұмыс іздеп, таныстарымен бірге келген. Шатыр жөндеумен айналысады. 28 қыркүйек күні таңертең ер адам көліктің жоғалғанын көрген. Астана қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері бұрын сотталған Есіл қаласының 24 жастағы тұрғынын ұстады. Күдіктінің айтуынша, ол көлік иесінің рұқсатынсыз көлікке мініп, жұмыс туралы келісу үшін Көкшетау қаласына жүріп кеткен.

Облыс орталығында автокөлікте жанармай таусылып, жас жігіт оны аулалардың бірінде тастап, досымен бірге елордаға бара жатқан көлікпен кеткен.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автокөлікті заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру