Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бекжан Ыбыралиев Қазақстан полициясымен құрдас

Полиция лейтенанты Бекжан Ыбыралиев – Алматы қалалық ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының қызметкері. Ол тәртіп сақшыларының күнделікті өмірін көрсетеді және қызметтің оң имиджін қалыптастырады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Бекжан Ыбырайев қызметі жайлы айтып берді.

– Менің міндеттеріме қаладағы оқиғалар мен қылмыстарды, полиция қызметінің қылмыспен күресу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі қызметін бейнеге түсіру кіреді. Біз жаңа технологияларды белсенді түрде қолданамыз. Біздің департаментте заманауи телестудия бар. Тәуліктік кезекшілік кезінде түсірілген материалдар сапалы өңдеуден кейін БАҚ пен әлеуметтік желілерге жіберіледі. Қоғамның полиция қызметіне объективті баға беруі маңызды, – деді Бекжан Ыбыралиев.

Лейтенант Ыбыралиевтың полицияда қызмет етіп жүргеніне көп болған жоқ. Полиция қатарына журналистика факультетін бітірген соң қосылды. Жас тәртіп сақшысы теориялық білімін жұмыста шыңдап жүр: қазір ол оператор, бейне инженер және дыбыс режиссері.

– Мен – көп балалы әкемін. Менің төрт кішкентай балам бар. Әйелім екеуміз олардың даму сәтін жіберіп алмауға тырысамыз. Уақыттың тығыздығына қарамастан, спорттық, шығармашылық секцияларға алып барамыз. Балалар – біздің болашағымыз. Ол сау болуы керек, – дейді Ыбыралиев.

Полиция қызметкері ІІО саналы түрде келгенін айтып өтті. Бала кезінен патруль болуды армандаған, бірақ жас жігіт үшін журналистикаға қызығушылық басымырақ болды.

– 30 жыл ішінде ІІМ табысты реформалардың арқасында мықты және ең ірі ведомствоға айналды. Дәл мен сияқты: 30 жасымда аяғымда нық тұрмын, мен – офицермін, мен – отағасымын, болашақ тағдырымды полициямен байланыстыратын тұлғамын. Әріптестерімді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, азаматтардың қауіпсіздігі жолында табысты қызмет тілеймін, – деді Бекжан Ыбыралиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру