Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Белгіленбеген жерлерде қоқыс тастағаны үшін 7,5 мыңнан астам ақмолалық жауапқа тартылды

Белгіленбеген жерлерде қоқыс тастағаны үшін 7,5 мыңнан астам ақмолалық жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жыл басынан бастап ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке облыстың 7589 тұрғыны тартылды.

Мұндай бұзушылықтарды «102» телефоны бойынша қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын азаматтар хабарлайды, сондай-ақ әкімшілік учаскені аралау кезінде учаскелік полиция инспекторлары да анықтайды.

Естеріңізге сала кетсек, ӘҚБтК-нің 505–бабына сәйкес қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу жеке тұлғаларға – 20 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 40, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 100 АЕК мөлшерінде ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру