Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Белгілі тұрағы жоқ адамдарды бақылау күшейтілді

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері белгілі тұрағы жоқ адамдарды бақылауды күшейтті,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Профилактикалық рейдтер жедел жағдайды тұрақтандыру, белгілі тұрағы жоқ адамдар арасында хабар-ошарсыз кеткен қылмыскерлерді іздестіруді жандандыру, танылмаған мәйіттерді анықтау, белгілі тұрағы және айналысатын тірлігі жоқ экстремалды жағдайда қалған адамдарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Полиция қызметкерлері күн сайын базарлардың, вокзалдардың аумақтарын, жылу құдықтарын, шатырлы және жертөле үй-жайларын, саяжай алқаптарын, сондай-ақ қоғамға қарсы өмір салтын жүргізетін адамдарды шоғырландыратын өзге де орындарды тексереді, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарын жүргізеді.

Рейд барысында жедел-анықтамалық және іздестіру есептері бойынша белгілі тұрғылықты жері жоқ 210 адам тексерілді, олар дактилоскопияланады, суретке түсіріледі, жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі, жедел-анықтамалық есепке алу базалары бойынша, оның ішінде хабар-ошарсыз жоғалған және қылмыс жасағаны үшін іздестірілу базасы бойынша да тексеріледі.

Полицейлер баспанасыздарға әлеуметтік қорғау мекемелерінің аумақтық бөлімдеріне жүгіну тәртібін түсіндіреді.

Ақтау қаласының аумағында «Ақтау қалалық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»коммуналдық мемлекеттік мекемесі орналасқан. Осы орталықта 40 төсек-орын бар,бүгінгі күні онда белгілі бір тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 30 адам бар.

Азаматтарды 3 рет тамақпен қамтамасыз етеді, киім мен төсек береді. Қалауы бойынша оқуға және жұмысқа орналасуға қала әкімдігі жанындағы Ақтау халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жіберіледі. Сондай-ақ, медициналық көмек алу, жеке басын куәландыратын құжат алу, мүгедектікті анықтау және растау бойынша көмек беріледі.

Аталмыш орталықтың мамандары 1 және 2 топ мүгедектеріне әрі қарай Қарттар мен мүгедектер үйіне тұруын рәсімдейді. Ұзақ уақыттан бері тұрып жатқан тұлғаларға орталыққа тіркелуге мүмкіндігі бар.

Волонтерлер мен ресейлік «Жди меня» бағдарламасының көмегімен орталық мамандары тек республика бойынша ғана емес, ТМД бойынша туыстық байланыстарды орнатуға және табуға көмек көрсетеді.

Азаматтарды олардың қалауы бойынша қысқы уақытта түнеуге қабылдау кешкі сағат 18.00-ден таңғы сағат 08.00-ге дейін, жазғы уақытта сағат 20.00-ден 08.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды жеткізуді және орналастыруды жұмыспен қамту орталығы, ішкі істер органдарының қызметкерлері, пробация қызметі, медициналық мекемелер жүзеге асырады.

Сондай-ақ, осы орталықта 1 автокөлік бірлігінде құрамына фельдшер кіретін орталық қызметкерлерінің қатарынан ұтқыр топ қала бойынша, жақын маңдағы кенттер бойынша патрульдеуді жүзеге асырады, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды табу, қажетті медициналық көмек көрсету және әлеуметтік қызмет көрсету үшін орталыққа жеткізу үшін ашық люктер мен құдықтарды тексереді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру