Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бескөл ауылының тұрғыны үшінші рет мас күйде рөлге отырған

СҚО-да аудан орталығы Бескөл ауылының тұрғыны үшінші рет мас күйде рөлге отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алды. Басты мақсат – апаттылықты азайту, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамыз ету.

Бірінші күні Қызылжар ауданы орталығының көшелерінің бірінде Бескөл ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Бақтияр Амангелдиев қараңғыда жарығы сөндірулі, 43 жастағы жергілікті тұрғын басқарған «Volkswagen Passat» автомобилін тоқтатты.

Алкогольдің өткір иісі мен жүргізушінің өзіне тән іс-әрекеті медициналық тексерістен өткізуге түрткі болды, нәтижесі масаң күйді көрсетті. Бұдан бөлек, учаскелік полиция инспекторы оқиға орнында электрондық планшеттің көмегімен жеке куәлік бойынша тексеріс жүргізіп, ер адамның масаң күйде көлік жүргізгені үшін үшінші рет жауапқа тартылып отырғанын анықтады. 2016 жылы ол үш жылға басқару құқығынан айырылған болатын. 2019 жылы жүргізуші куәлігін қалпына келтірген, көп ұзамай тағы алкогольдік масаң күйде ұсталды. Аудандық соттың шешімімен ол алты жылға басқару құқығынан айырылды. Енді оған ірі көлемде айыппұл салынуы немесе бас бостандығынан немесе өмір бойына көлік басқару құқығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта міндетті келу түріндегі мәжбүрлеу шарасы қабылданды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

– Операцияның алғашқы күнінде облыста масаң күйдегі 10 жүргізуші және бұрын көлік басқару құқығынан айырылған алты жүргізуші ұсталды, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов. – Іс-шара шеңберінде жол торабының апаттылық қаупі аса жоғары учаскелері полицейлердің ерекше назарында болады, – дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов. – Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің өрескел бұзушылықтарына баса мән беріледі. Мәселен, жылдамдықты асырудың – 37, маневрлеу ережелерін бұзудың – 25, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеудің – 21 фактісі анықталды. Барлық қатысушыларды жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және жолдарда сақ болуға шақырамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру