Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері алимент төлемеушіні алыс шетелден іздеп, тапты

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері алимент төлемеушіні алыс шетелден іздеп, тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда СҚО-да 21 алимент төлемеуші және 29 борышкер іздеуде, тағы 19 адам туыстық байланысын жоғалтуына байланысты іздестірілуде. “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде олардың жүрген жерлерін анықтау жұмысы күшейтілді. Іс-шара ақпанның 17-19 аралығында көші-қон қызметімен және басқа да бөліністермен өзара-іс-қимыл жасай отыра жүргізілуде.

Ақпан айының басында Тайынша ауданының полиция бөліміне 52 жастағы бауырының тағдырына алаңдаған жергілікті тұрғын жүгінген. Нәпақасын табуға кеткен ол, қыркүйектен бері байланысқа шықпаған. Ер адамның жүрген жерін анықтау үшін полицейлерге екі күн қажет болды: ол ресми түрде жұмысқа орналаспаған, астаналық шаруашылықтардың бірінде түрлі жұмыс істеп жүрген. Әйел адамға ағасымен сөйлесуге мүмкіндік жасады, бірнеше айдан соң ол бауырының дауысын естіді. Әйелдің полицияға “отбасылық кеңестің” шешімі бойынша жүгінгенін айта кеткен жөн – ер адамның тағдыры үшін барлық туыстары алаңдаған.

– Шекаралас өңірде борышкерлерді іздеу көбінесе адамдардың шетелде болуына байланысты қиындық туғызатынын айта кету керек, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов. – Мәселен, борышкерлердің бірі бұрын Германияға кеткен. Көші-қон қызметінің қызметкерлері ер адаммен хабарласып, сот шешімі бойынша алимент бойынша борышкер болып табылатындығын түсіндіріп берді. Ресми органдар оның жүрген жерін растағаннан кейін, материал сот орындаушыларына тапсырылады.

Операцияның екі күні ішінде отбасылық байланысын жоғалтқан үш адамның, алимент төлемеген үш адамның және 12 борышкердің жүрген жері анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру