Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД қызметкерлері спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесті

Қостанай облысы ПД қызметкерлері спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 мамырда Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері В.Матвиенко атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесті. Кездесуге грек-рим күресінің спортшылары мен олардың жаттықтырушылары қатысты. 

Іс-шараның мақсаты – жастардың қылмыстық ортамен бірігу фактілерінің алдын алу және жолын кесу. Сондай-ақ қылмыстық топтардың құрылуына жол бермеу, кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу және жазда балалар жарақаттануының алдын алу. 

– Кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық жұмыстарға жазғы кезеңде ерекше мән беріледі. Алдын алудың ең тиімді шараларының бірі кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту саласындағы іс-шаралар. Балаларды спортпен шұғылдануға кеңінен тарту кәмелетке толмағандарда қылмысқа қарсы дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді, – деп атап өтті ПД криминалдық қызмет басқармасының жедел уәкілі Нина Ахмадеева. 

Кәмелетке толмағандардың жасөспірімдер қылмысының алдын алу жұмыстары облыс полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру