Қостанай облысында жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізушілер анықталды
Қостанай облысында жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізушілер анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысында “Қорғау” мобильді қосымшасын қолдану арқылы жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалану фактісінің жолы кесілді
Осылайша, Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбург – Алматы) “М-36” халықаралық автожолында жүк көлігі Volvo FM Truck 4x4 және тіркемесі Schmitz SPR 24 тоқтатылды, онда жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері пайдаланылған.
Аталған дерек бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен жүргізушіге бір тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалып, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айыру жазасы қолданылды.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда мұқият әрі сақ болуға шақырады.
