Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сайрамдық полицейлер кезекті алаяқты ұстады

Сайрамдық полицейлер кезекті алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-не жергілікті тұрғын әйел алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданып келеді. Оның айтуынша белгісіз азамат өзін әкімшілікте “бөлім басшысы” болып істеймін деп таныстырған. Содан күдікті азамат әйелге “Әлеуметтік көмек” бағдарламасымен 550 мың теңге көмек алып беремін деп, 180 мың теңгесін заңсыз иемденген. Алайда екі айдан астам уақыт өтсе де, ешқандай нәтиже шықпаған. Алаяқ тұрғынға көмек ақшаны шығарып бермеген. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті.

Полицейлер жәбірленуші әйелді алдап, ақшасын жымқырып кеткен алаяқты ұстауға қатысты іс-шараларды жүргізді. Оны тұрғылықты мекенжайынан ұстап, бөлімшеге жеткізді. Ол ауыл әкімшілік аппаратында бұрын жалдамалы жұмысшы болып істеген жергілікті тұрғын екендігі болды.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жеңіл жолмен ақша табу мақсатында өзінің арам ойын іске асырған. Сонымен қатар тергеу үстінде күдікті азаматтың басқа бірнеше тұрғыннан осындай алаяқтықпен ақша алғаны анықталды. Күдікті ер адамның бас шарасы “міндеттемеде”. Бүгінгі күні сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға күмән тудыратын ұсыныстарға сенбеңіз, таныс емес адамға ақшаңызды бермеңіз деп ескертеді. Алаяқтардың арбауына түсіп қалудан сақтаныңыз. Егер, сіз де алаяқтық қылмысының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, бірден “102” телефоны арқылы полицейлерге хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру