Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полицейлер ата-аналар жиналысын өткізді

Жамбыл облысының барлық мектептерінде ата-аналар мен заңды өкілдердің қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға және кәмелетке толмаған балалардың бос уақытына көңіл бөлуді күшейтуге бағытталған ата-аналар жиналысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қылмыстық ортаға тартпау мақсатында мерекелік іс-шаралар қарсаңында полиция қызметкерлері жастардың көп жиналатын орындарында жасақтар мен патрульдердің тығыздығын күшейтті.

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру үшін білім беру ұйымдарында мүдделі мемлекеттік органдармен және ІІО қызметтерімен бірлесіп қауіпсіздік сабақтары өткізіледі.

Полицейлер кәмелетке толмағандарға қоғамдық орындарда, жолдарда, әлеуметтік желілерде мінез-құлық ережелері туралы, сондай-ақ бейнероликтерді көру арқылы жасалған құқық бұзушылықтарға және қылмыстарға жол бермеу бойынша “нөлдік төзімділік” қағидаттары туралы айтты.

Полиция рейдтері барысында өткен аптада ішкі істер органдарына 169 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, 289 ата-ана мен өзге де заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық мекемелеріне жібергені үшін кафе-барлардың 4 иесі жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамаудың 18 дерегі анықталды. Ата-анасыз түнде жүргені үшін кәмелетке толмаған 9 бала бейімдеу орталығына орналастырылды. Кәмелетке толмағандарды құқыққа қайшы әрекеттерге тарту деректері анықталған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру