Бір миллионға жуық ақшаны заңсыз иемденген азамат ұсталды
Қарағандыда өзгенің есепшотынан бір миллион теңгеге жуық ақша шешіп алған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 қарашада Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 34 жастағы қала тұрғыны жүгініп, белгісіз біреудің оның банкомат картасын пайдаланып, жасырын түрде 970 мың теңгені шешіп алғандығы туралы арызданған.
Полиция банкоматтың бейнекамерасын қарап, қомақты ақшаны иемденген күдіктіні анықтады.
19 қарашада полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы азамат ұсталып, ол қылмысын мойындады.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.