Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Дәрмек” іс-шарасы барысында 9 құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада “Дәрмек” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 9 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 16-20 қараша аралығында есірткінің заңды айналымы саласындағы қылмыстарды анықтау мақсатында өткізіліп жатқан “Дәрмек” іс-шарасының төрт күнінде полиция қызметкерлері дәріханаларда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың сегіз дерегін және 464-бабымен (Лизенциялау нормаларын бұзу) көзделген құқық бұзушылықтың бір дерегін анықтады.

Атап айтқанда Қазалы ауданында орналасқан дәріханаларды тексеру барысында фармацевтикалық қызметтің қағидаларын бұзудың үш дерегі анықталып, айғақ зат ретінде дәрілік препараттар алынды.

Жаңақорған ауданында орналасқан дәріханаларды тексеру барысында фармацевтикалық қызметтің қағидаларын бұзудың екі дерегі анықталды.

Өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шара барысында 65 дәріхана, 54 қойма, 35 өндірістік объект тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру