Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда сотталған азаматшалар марапатталды

Атырауда пандемия кезінде бетперде тігіп, түзеу мекемесінің медициналық қызметкерлеріне көмек көрсеткен сотталған әйелдер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– УГ-157/11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан бес сотталған азаматша індетпен күрес кезінде қалыс қалмай, мекеменің санитарлық бөлімдерінде медициналық қызметкерлерге індеттің алдын алу бойынша ерікті түрде көмек көрсетті. Сондай-ақ бетперде тігумен айналысты, – дейді мекеме бастығының орынбасары Медет Аджикулов.

Бүкіләлемдік пандемияға қарсы күреске атсалысқаны үшін сотталған әйелдер Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру