Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бір тәулік ішінде есірткіні заңсыз пайдаланудың он дерегі әшкереленді

Алматы облысының полицейлері бір тәулік ішінде есірткіні заңсыз пайдаланудың он дерегін әшкереледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысындағы есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қоюшы полицейлер алдын алу жұмыстары барысында 10 нашақордың заңсыз әрекетін әшкереледі. Аталған деректер бойынша еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық істер қозғалды.

- Жыл басынан бері біз есірткіге қатысты 641 қылмысты әшкереледік. Ауыр қылмыстар санатына жататын – есірткі сатудың 73 дерегі тіркелсе, оның 23 жағдайында аса ірі көлем екені анықталды, - деп хабарлады Алматы облысы ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қазбек Мұхамедов.

Басқарма бастығының ақпараты бойынша полицейлер жыл басынан бері төрт жарым тоннадан астам әртүрлі есірткі өнімдерін тәркілеп, көзін жойған.

- Оның ішінде 307 грамм героин, 530 килограмға жуық марихуана, 45 килограмға жуық гашиш, сондай-ақ 400 граммнан астам әртүрлі синтетикалық есірткі түрлері бар. Облыс аумағындағы есірткінің заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған шараларды жоспарлы түрде жалғастырамыз, - деп толықтырды Қазбек Мұхамедов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру