Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда баланы тонап кеткен жігіттер ұсталды

Алматыда баланы тонап кеткен жігіттер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қорыққан әйел “102” пультіне қоңырау шалды. Ол кәмелетке толмаған ұлы 3 қарақшының құрбаны болғанын айтты.

– Балам маған қоңырау шалып, оған белгісіз үш адам шабуылдағанын және телефонын тартып алғанын айтты, оның дауысы үрейленген және қорқып тұрғаны байқалды. Мен дереу мекен-жайға полиция шақырып, өзімде шығып кеттім, – деді әйел.

Патрульшілер бірнеше минуттан кейін келді. Олар аумақты тексеруді ұйымдастырып, ұқсас сипаттамалары бар күдіктілерді ұстады.

– Мен келгенге дейін полиция маған осы қылмыскерлердің ұсталғаны туралы хабарлады, олардың жанында менің баламның телефоны болған. Менің балам оларды бірден таныды. Осы адамдарды жедел ұстағаны үшін Медеу ауданының полиция қызметкерлеріне үлкен рахмет. Енді мен осындай полиция қызметкерлерінің арқасында баламның өмірі мен денсаулығы сенімді бола аламын. Сізге көп рахмет, – деді баланың анасы.

– Айғақты зат – телефон тұтқындалғандардың бірінен тәркіленді. Аталған факті бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 191 бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Патрульдік полиция қызметкерлері өз міндеттерін сапалы түрде орындап, қылмыстың “ізін суытпай” ашты. Азаматтар мұны бағалап, ризашылықтарын білдіргені қуантады. Бұл біз үшін ең жақсы ынталандыру, – деп, түйіндеді, өз кезегінде Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру