Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бір центнер балықты заңсыз аулаған браконьер анықталды

Түркістан облысы Арыс ауданында тәртіп сақшылары бір центнер балықты заңсыз аулаған браконьерді құрықтады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 17 ақпанында Арыс ауданының табиғатты қорғау
полицейлері «Охотзопром» қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар барысында Көксарай су қоймасында заңсыз балық аулаған браконьерді ұстады.
Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, Қызылорда қаласының тұрғыны
резеңке қайық пен «Қытай торы» арқылы заңсыз балық аулаумен айналысқан.
Күдіктіден 90 келіден астам балық, қайық және балық аулау құралдары тәркіленді.
Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімне тіркелді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жыл басынан бері Түркістан облысы Полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері балық ресурстарын заңсыз аулаудың 5 жайтын анықтады және браконьерлерден 800 келіге жуық балық тәркіленді.
Түркістан облысының полицейлері балық ресурстарын заңсыз аулау саласындағы табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік
қарастырылғанын ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру