Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ойын клубтарында белгілі компанияның өнімдерін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылуда  

Көкшетау қаласының компьютерлік клубтарында полицейлер екі сабақтас құқықтарды бұзу фактісін анықтады,-деп хабарлайды Polisia.kz.

17 ақпаннан бастап Ақмола полицейлері өңір аумағында “Контрафакт” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде. Мақсаты-интернет-ресурстар саласында және әртүрлі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды анықтау және алдын алу.

Арнайы операция аясында Көкшетау қаласының жедел уәкілдері облыс орталығында қаланың бірден екі компьютер клубы әкімшілерінің авторлық немесе сабақтас құқықтарын бұзу фактілерін анықтады.

Алматы қаласында тұратын “Sony Playstation” компаниясының құқық иеленушісі 17 ақпанда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне бірден екі өтініш келіп түсті. Тұрғынының айтуынша, Көкшетау аумағындағы белгісіз тұлғалар ойын клубтарында компанияның өнімдерін заңсыз пайдалана отырып, авторлық құқықтарын бұзған.Жүргізілген жедел–іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 24 және 26 жастағы жергілікті клубтардың екі әкімшісін анықтады.

Анықталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 198-бабы 2-бөлігі (авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта айғақты зат ретінде құжаттама мен ойын приставкалары алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру