Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірнеше дүкенге ұрлыққа түскен сайрамдық жігіт ұсталды

Бірнеше дүкенге ұрлыққа түскен сайрамдық жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-на жергілікті тұрғын кәсіпкер арызданады. Ер адамның айтуынша, оның азық-түлік дүкеніне белгісіз біреу ұрлыққа түскен. Яғни дүкеннің сыртқы есігін бұзу арқылы ішке кіріп, кассадағы 200 мың теңгеге жуық ақшасы мен бірнеше сусынын жымқырып кеткен. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары осы ұрлық қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстау мақсатында оқиға орнына жетті. Көрген-білгендерден жауап алды, жақын аумақтарды мұқият қарап шықты. Іздестіру кезінде, бір апта көлемінде келесі тұрғын осындай қылмыстың құрбаны болып, арыз түсіреді. Мұнда жәбірленушінің дүкеніне түскен ұры, барлығы 300 мың теңгенің заттын, кассадағы ұсақ тиындарын үптеп кеткен. Бұл жолы да ұры есікті бұзу арқылы кіріп, арам ойын іске асырған. Орын алған ұрлық қылмыстарын бір адам жасауы мүмкін деген ойға келген полицейлер, іздестіруді одан әрі жалғастырып, қарқынды қызмет етті. Барлық бейнебақылау камералары тексерілді. Соның нәтижесінде күдікті адамның жеке басы анықталып, ол өз үйінен ұсталды. Жергілікті тұрғын АПБ-не жеткізілді. Ол өз кінәсін толық мойындады.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті оңай жолмен пайда табу мақсатында ұрлыққа түскен. Ұрланған заттар күдіктінің үйінен тәркіленіп алынып, заңды иелеріне қайтарылды. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға кеңселер мен дүкендерге, сауда орындары мен жекеменшік иелігіндегі нысандарға сақтық үшін бейнекамера орнатып, терезелерін темір тормен жабдықтауға кеңес береді. Есіктеріне мықты құлыптар орнатуға шақырады. Егер де сіз бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, шұғыл полицияға «102» телефоны бойынша хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру