Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері оқ ату турнирінде өзгелерден ерекшеленді

Алматы полицейлері оқ ату турнирінде өзгелерден ерекшеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Меркурий Медет” мамандандырылған оқу орталығында өткен құқық қорғау органдары арасындағы ату сайысында топтық және жекелей сында тәртіп сақшылары жүлделі орындарға ие болды.

– Шаһардың тәртіп сақшылары оқ атудан дайындықтың жоғары деңгейін және жеңіске деген құлшынысты көрсетті. “Стандартты тапанша” классы бойынша ату чемпионаттарының ережелерін лайықты орындай білген полиция қызметкерлерінің тобы бірінші орынға ие болды. Сонымен қатар, “Классик” жеке сайысында полиция қатарынан шыққан сарбаз Аян Мұсаевта тамаша және лайықты түрде жеңіс тұғырынан көрінді. Полиция қызметкерлерінің жоғары кәсіби даярлығын атап өтейік. Оларға өздерінің қызметтік тапсырмаларын ойдағыдай және шығынсыз орындауларына тілектеспіз, – деді “ПТО КАЗОХОТРЫБОЛОВСОЮЗ” ЖШС-ның бас директоры Владислав Беме, Алматы қалалық ПД бастығының атына жолдаған хатында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру