Бірнеше дүкенге ұрлыққа түскен ұры ұсталды
Кентаулық полицейлер бірнеше дүкенге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау ҚПБ-не үш жеке кәсіпкер, жергілікті тұрғындар арызданады. Жәбірленушінің бірінің айтуынша, белгісіз біреу түнгі уақытта дүкеніне заңсыз кіріп, оның киім сататын дүкенінен сатылымда тұрған түрлі киімдерін ұрлап, 180 мың теңге шығын келтірген. Келесі арызданушы болса, өзінің 220 мың теңге болатын 17 дана ерлер аяқ-киімін жымқырып кеткенін айтқан. Үшінші кәсіпкер 15 мың теңгелік сырт киімін таппай қалғанын жеткізді. Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.
Орын алған қылмысты ашу мақсатында Кентау ҚПБ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды. Куәгерлерден сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Осылайша тәртіп сақшылары ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басын анықтады. Күдікті тәулік ішінде ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Тергеу барысында анықталғандай күдікті бұл дүкендерде күзетші болмайтынын, бейнебақылау камералары жоқтығын пайдаланып, түнгі уақытта ұрлыққа түскен. Дүкендердің есік-терезелерін бұзу арқылы кіріп, заттарды алып шыққан. Содан көлігі бар досын шақырып, ағамның заттары деп алдап, соның гаражына қойып қойған. Киімдер заңды иелеріне қайтарылды. Бүгінгі таңда күдікті кінәсын толық мойындады. Бас шарасы қамауда.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін барлық қажетті сақтық шараларын сақтауды ескертеді.Үйлеріңізге мүмкіндігінше бейнебақылау камералары мен дабылқаққыш орнатыңыздар. Сондай-ақ есіктеріңізге берік құлыптар, терезелеріңізге темір торлар жасатыңыздар.