Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Келестік тұрғын жоғалған ұлын тапқан полицейлерге алғыс айтты

Келестік тұрғын жоғалған ұлын тапқан полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Келес ауданының жергілікті тұрғыны тоғыз жастағы ұлының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағандығын айтып, Келес АПБ-не арызданады. Өздігінен іздестіру жұмыстарынан нәтиже шықпаған жақындары, бар үміттерін сақшыларға артады.

Кәмелетке толмаған баланы іздеуге Келес АПБ-нің барлық тиісті полицейлері жұмылдырылады. Әр полицей өз аумағына қарасты үй-жайларды тексеріп, баланың баруы мүмкін деген орындарды шолып шығады. Осылайша полицейлер іздестіру шараларын жоғары деңгейде жүзеге асырады. Яғни жоғалған жасөспірімді іздеуге бірнеше мобильдік топтар да құрылады. Ақыры жасөспірім бала ауыл базарының жанынан табылады. Кейіннен белгілі болғандай анасымен ренжісіп қалған ол өзінің ренішін осылай көрсетпек болған.
Бүгінгі таңда ол дін-аман, отбасымен қауышты.

Өз кезегінде аман-есен табылған баланың анасы полицейлерге ыстық ықыласын білдіріп, алғысын жаудырды. Әсіресе, қырағылығын танытып, уақыт жоғалтпай тез арада іздестіруді бастап кеткен ювеналды полицияның инспекторлары Бақдәулет Жолдыбаевқа және Қалдыбай Сариевке ерекше ризашылығын жеткізді.

Егер де жақындарыңыз бен балаларыңыздан көз жазып қалсаңыздар уақыт жоғалтпай тез арада полицияның «102» нөміріне қоңырау шалыңыздар. Бұл өз кезегінде балаларыңыздың тез табылуына септігін тигізеді.

Сонымен қатар, полицейлер әрбір ата-анаға балаларына мұқият болып, қараусыз қалдырмау керектігін айтады. Бауыр еті баласынан көз жазып қалу кез-келген ата-ана үшін ауыр тиетіні белгілі. Сондықтан үнемі балаларға жоғалудың қаупі жайлы ұғындырып отыру керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру