Бірнеше ұрлық дерегіне қатысы бар ақтөбелік ұсталды
Бірнеше ұрлық дерегіне қатысы бар ақтөбелік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Ақтөбе қалалық полиция бөліміне 47 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті.
Оның айтуынша, дәмханалардың біріндегі гардеробта күртешесінің қалтасынан белгісіз адам 130 мың теңге тұратын OPPO-12 ұялы телефонын жасырын ұрлап кеткен. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделей отырып, қылмыстық іздестіру қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні анықтады. Сондай-ақ тергеу барысында ұсталған азаматтың 7 желтоқсан күні Есет батыр көшесінің ауласында Lexus автокөлігінен құжаттарды жасырын ұрлап кеткені анықталды.
Аталған фактілер негізінде ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті кәсіпкерлерге қырағы болуды және ұрлықты болдырмау үшін күзет сигнализациясы мен бақылау камераларын орнатуды ұсынады. Егер сіз осындай ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.