Бірнеше ұрлыққа қатысы бар қарағандылық ер адам қолға түсті
Бірнеше ұрлыққа қатысы бар қарағандылық ер адам қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 маусымда Қарағанды қаласы ПБ Орталық полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінің кеңсесінде ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, ұрының ЖШС кеңсесіне терезенің пластикалық жақтауын ашып кіргенін анықтады. Ол екі ноутбук пен 90 еңбек кітапшасын ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Ұсталған адам осылайша бірнеше кәсіпорындар мен ұйымдарды тонағанын түсіндірді. Қазіргі уақытта полиция күдіктінің осыған ұқсас бірқатар қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.
Сонымен қатар күдікті біршама уақыт бұрын бір әйелге шабуылдап, сөмкесін тартып алып, тонап кеткенін мойындады
ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) және ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде