Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атбасарда мас тұрғын супермаркет сатушысын қорқытып, балағаттады

Атбасарда мас тұрғын супермаркет сатушысын қорқытып, балағаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 5 маусымында Атбасар ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне 25 жастағы жергілікті тұрғыннан, елді мекеннің азық-түлік супермаркеттерінің бірінің сатушысынан арыз келіп түсті. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы кешкі сағат 20:00-ден кейін алкогольдік мас күйінде болған сатып алушылардың бірі дүкенде жанжал шығарғанын анықтады.

Мас ер адам әйелге әдепсіз тіл тигізді, сонымен қатар қаскүнем сатушыға алдын-ала көшеде шыны бөтелкені сындырып, физикалық жәбір жасаймын деп қорқытты.

Күдікті, уақытша жұмыс істемейтін, бұрын қарақшылық үшін сотталған Атбасар қаласының 27 жастағы тұрғынын оқиға орнында полиция қызметкерлері ұстады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру