Биыл Ақмола полицейлері коммуналдық қызметтерге жол сапасы бойынша 475 ұйғарым жіберді
Биыл Ақмола полицейлері коммуналдық қызметтерге жол сапасы бойынша 475 ұйғарым жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 18 924 км құрайды және бұл жолдардың сапасына полицейлер әрқашан назар аударады. Жыл басынан бері полицейлері 500-ге жуық тексеріс жүргізді. Нәтижесінде жол және коммуналдық қызметтердің атына кемшіліктерді жоюға 475 ұйғарым берілді, оларға оларды жою туралы 475 жауап алынды. Сондай-ақ жол-коммуналдық ұйымдардың лауазымды адамдарына автожолдарды, жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын және инженерлік құрылыстарды тиісінше ұстамағаны үшін 62 әкімшілік материал жасалды. Жергілікті атқарушы органдардың атына ұйымдастыруды жетілдіру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті қаражат бөлу жөнінде 43 хат пен ақпарат жіберілді.
Мысалы, полицейлерге Атбасар – Сочинское автожолында (Қашқарқа өзені арқылы айналып өту) қардан уақытылы тазартылмағаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Яғни, жергілікті жол ұйымдарының бірінің лауазымды адамы ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы бойынша өрескел бұзушылыққа жол берді және ол жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар т/ж жолдары әкімшілік полиция бөлімшелерінің назарынан тыс қалмады. Полицейлер мүдделі қызметтердің өкілдерімен бірлесіп т/ж өткелдерге 46 тексеру жүргізді, оның ішінде: реттелетін – 4, реттелмейтін – 22. Нәтижесінде т/ж өткелдерінде 52 ақау анықталды, оларды жоюға мүдделі қызметтердің атына 46 ұйғарым берілді, олар дереу жойылды.
Сондай-ақ ТЖЖ, жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары және олардағы инженерлік құрылыстарын тиісті түрде ұстамағаны үшін лауазымды тұлғаларға 10 әкімшілік материал жасалды.