Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Ақтөбе облысында балаларды тасымалдау ережесін бұзудың 41 дерегі тіркелді

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында балаларды тасымалдау ережесін бұзудың 41 дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қарашадан бастап Ақтөбе облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы бастау алды. Облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен және білім басқармасының қолдауымен өтіп жатқан кең ауқымды шара барысында жол қозғалысының қауіпсіздігіне, әсіресе балалардың қатысуымен болған ЖКО профилактикасына ерекше назар аударылады.

Себебі балалар – жол қозғалысының ең әлсіз, әрі қорғалмаған қатысушылары. Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында балалардың қатысуымен 108 жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 14 бала қаза болды, 120 бала түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды.

Осыған байланысты, ересектердің, ата-аналардың назарын балалардың қауіпсіздігіне аудару, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақыру мақсатында 14 қарашада Ақтөбе облысының полицейлері мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде «Сіздің жолаушы – бала» атты акция өткізді.

Шара барысында тәртіп сақшылары бүлдіршіндер мен балаларды балабақшалар мен мектептерге әкеліп жатқан ата-аналар, ересектер және мектеп автобустарының жүргізушілерімен ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік белдіктерін тағу, автокөлікте балаларды тасымалдайтын креслоның болуы, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

– Жыл басынан бері 41 жол-көлік оқиғасында балаларды тасымалдау ережелері бұзылып, соның салдарынан 10 бала қаза болып, 50 бала жарақаттанды. Сондықтан бүгінгі акция барысында жүргізушілердің, әсіресе ата-аналардың назарын балаларды тасымалдау ережелерін сақтауға шақыра отырып, ересектердің салғырттығынан бүлдіршіндердің зардап шегу деректерін мейлінше азайтқымыз келеді, – дейді ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Артур Абдрешов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру