Биыл Маңғыстауда жедел уәкілдер 100-ден астам іздеуде жүрген қылмыскерді құрықтады
Биыл Маңғыстауда жедел уәкілдер 100-ден астам іздеуде жүрген қылмыскерді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Адамдар абайсыздан немесе қасақана түрде қылмыс жасап, кейбір кездері қылмыстық топтардың құрамында болады. Бірі жасаған кінәсін мойындап, өз қолымен жасағанын мойнымен көтеруге келіссе, енді біреулері қашып, іздестіру тізіміне ілігіп жатады. Құқық қорғау органдарының міндеті — оларды табу, құрықтау, қылмыстық жауапкершілікке тарту, ал күдікті деп танып, оны қамау немесе босату – соттың құзыреті.
– Маңғыстау облысында жыл басынан бастап 55 қылмыскерге іздеу жарияланды. Осы мерзім аралығында криминалдық полиция қызметкерлерімен 124 іздеуде жүрген қылмыскерді құрықталды. Оның 17-сі ТМД елдерімен іздеуге түскен қылмысқа күдікті болса, бесеуі ҚР өзге облыстарының полициясымен іздеу жарияланғандар.
Қандай қылмыстық істер бойынша іздеу жариялануы мүмкін деген сауалға келсек, біздің жағдайымызда биылғы жылы: адам өлтіру дерегі бойынша бір іздеу, 13 іздеу – бұзақылық, 1 іздеу – зорлау дерегі, 5 – есірткімен айналасытан күдіктілерді құрықтау, 7 іздеу – алаяқтық, 5 іздеу – ұрлық және ауыр дене жарақатын жасап жауапкершіліктен жалтарып жүрген бір күдіктіге іздеу жарияланды.
Мәселен, біздің қызметкерлермен қараша айында Грузия мемлекетіндегі қалалардың бірінен 2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың ақпанына дейін қаржы пирамидасын құрып, оны басқарған күдікті ұсталды. Азаматтарға келтірілген материалдық шығын мөлшері – 3,6 млрд теңге. Одан бөлек, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Интерпол бюросының ұлттық орталығының мүмкіндіктерін пайдалана отыра, Дубайдан аса ірі мөлшерде алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен азаматша ұсталды. Мамыр айында террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу дерегі бойынша іздестіру жарияланған күдікті Болгариядан ұсталды, – деді Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының орынбасары Асан Жариев.
Сонымен қатар, қылмыскерлерден бөлек іс-түссіз жоғалғандар да полиция қызметіне зәру. Жыл басынан бері 16 жоғалған тұлғаға іздеу жарияланды. Бұл іске полицейлерге еріктілер көмекке келіп, бірлескен жұмыстар атқарылады.