Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД-да ювеналды полиция қызметкерлерімен кездесу өтті

ШҚО ПД-да ювеналды полиция қызметкерлерімен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы өз жолдауында жасөспірімдерге қатысты қылмыстың алдын алдын алу, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың, сондай-ақ буллингтің кез келген түрінің жолын кесуді полиция қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде айқындады.

– Қылмыстарды талдау негізінде облыс бойынша жасөспірімдер қылмысының 15%-ға (88-ден 75 фактіге дейін) төмендегенін көрсетті, бұл ювеналдық қызмет қызметкерлерінің күнделікті жүргізіп отырған сапалы профилактикалық жұмысының нәтижесі екенін көрсетеді. Қолайсыз отбасылар бойынша, полицияда есепте тұрған тұлғалармен рейдтік іс-шаралар жүргізу, оқу орындарында кәмелетке толмағандармен қылмыс жасағаны үшін құқықтық жауапкершілік туралы түрлі кездесулер өткізу, сондай-ақ ата-аналармен жұмыс істеу, мұның бәрі өз нәтижесін беріп жатыр, – дейді ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков.

Сонымен қатар кездесу барысында аталған бөлімшелерді материалдық-техникалық жарақтандыру, моральдық-психологиялық ахуал, жас қызметкерлерге тәлімгерлік, сондай-ақ басқа да түйткілді мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру