Биыл Петропавлда қоғамдық орындарда темекі шеккен 274 азамат жазаланды
Жыл басынан бері қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 274 петропавлдық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық орындарда темекі шегу мәселесі өзектілігін жоғалтпайды. Жыл басынан бері Петропавлда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабы бойынша 274 адам жауапкершілікке тартылды. Өткен жылдың осы кезеңіне осындай 299 бұзушылық анықталып, айтарлықтай төмендеу байқалмаған.
Полицейлер заңнамамен темекі өнімдерін, темекіні жылытуға арналған жүйелерді және бірқатар қоғамдық орындарда электрондық жүйелерін тұтынуға, пайдалануға тыйым салынғандығы жайында еске салады. Оларға білім беру ұйымдарының үй-жайлары мен іргелес аумақтары, медициналық мекемелер, мемлекеттік ұйымдар, қоғамдық тамақтану орындары, спорттық-мәдени объектілер, түнгі клубтар, көппәтерлі үйлердің кіреберістері жатады. Қоғамдық көлікте, егер де жеке көліктің салоны ішінде кәмелетке толмаған балалар болса, темекі шегуге болмайды. Темекі шегу, сондай-ақ вокзал ғимараттары мен жабық аялдамаларда, өрт қаупімен байланысты жанармай құю станцияларының аумағында тыйым салынады. Темекі шегуге тыйым салынған орындардың тізімімен ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 110-бабынан толық танысуға болады.
– Тәжірибе көрсетіп отырғандай, облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары подъездерде, жанармай құю станцияларында және стадиондарда темекі шегуге тыйым салу ережелерін жиі бұзады. Полиция қызметкерлері мұндай фактілерді адамдармен күнделікті жұмыс барысында, бейнебақылау камералары арқылы, кейде тұрғындардың хабарлауы бойынша анықтап жатады. Айта ету керек, көбіне темекі шегушілер қоқыс шәшіктерін елемей, мәдени деңгейдің төмендігін көрсетеді. Жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 956 адам жауапқа тартылды. Олардың басым бөлігі көшелерге темекі тұқылын лақтырып кетеді. Сондықтан барша тұрғындардан заңнаманың талаптарын сақтауды және айналасындағыларға қарапайым құрмет көрсетуді сұраймыз, – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ахмагамбетов.