Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Петропавлда тыныштықты бұзудың 1600-ден астам дерегі тіркелді

Жыл басынан бері Петропавлда түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 1600-ден астам дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі уақыттағы шу күндіз жұмыс істеп келген адамдардың демалуына кедергі келтіреді. Көбіне бұл проблема тәуліктеп жалға берілетін пәтерлермен байланысты. Адамдар қабырғаның арғы жағындағы шулы тұрғындардың әрекетіне мазасызданып, полиция шақырады. Петропавлда мұндай шақыртуларға жедел ден қою үшін әр түн сайын патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірге учаскелік инспекторлар кезекшілік атқарады, олар адамдардың өтініштерін қабылдайды, бұзушыларға қатысты хаттамалар толтырады.

– Тыныштықты бұзу фактісіне келген полиция қызметкерлеріне заң бұзушылар бағынбайды, қарсылық көрсетеді, полицейлер өз кезегінде отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шаралар қолданады. Кей уақытта ювеналдық полиция қызметкерлерінің келуі қажет болады. Мұндай жағдай 16 қазанға қараған түні болды. Таңғы сағат 5 шамасында «102» арнасына Бөкетов көшесіндегі үйлердің бірінде жалға берілетін пәтердің көршілері айғау-шу болып жатқанын айтты. Мекенжайда 16 мен 17 жастағы 4 жасөспірім анықталды. Екеуі мас болған. Олардың ата-аналары бірқатар құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылды, – дейді Петропавл қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ақмағамбетов.

Тәртіп сақшылары ескертеді ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабына сәйкес сағат 22:00-ден таңғы сағат 09:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден келесі күнгі таңғы сағат 10:00-ге шулауға тыйым салынған. Бұл үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу қарастырылған.

Бұдан бөлек, үй-жайды тәуліктеп алатын әр клиент көршілерінің тыныштығын бұзбауға міндеттеледі. Ереже сақталмаған жағдайда жалға алушы адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып қана қоймай, үйден шығарылады.

Жыл басынан бері Петропавлда тыныштықты бұзудың 1624 фактісі тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру