Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында көші-қон заңнамасын бұзған Йемен азаматтары ұсталды

Ақтөбе облысында көші-қон заңнамасын бұзған Йемен азаматтары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезеңінде Ақтөбе облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын одан әрі заңсыз кесіп өту үшін такси арқылы транзитпен жүрген Йемен Республикасының 7 азаматын ұстады.

Алдын алу іс-шараларының нәтижесінде уақытында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың жолын кесу мүмкін болды. Тексеру кезінде Йемен Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында көші-қон заңнамасын бұза отырып, елдің оңтүстік өңірлерінен Ақтөбеге келгені анықталды.

Шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру